Жаңалықтар

Ақтөбеде 4 жасар бала еріген қар суына құлап қайтыс болды

Ақтөбе облысында 4 жастағы бала еріген қар суына құлап, қаза болды. Бұл туралы "Мой город" басылымы жазды.

Аудан әкімдігі мәліметінше, еріген қар суы маңында екі бала ойнап жүрген. Судың тереңдігі небәрі 12-15 сантиметр болған, оған 4 жасар бала құлап, тұншығып қалған. Оны құтқару мүмкін болмаған.

Оның жанында тағы бір бала болған, ол аман-есен екені айтылды.