Жаңалықтар

Ақтөбеде 9 сынып оқушысының қалтасынан 48 түйіншек есірткі табылған

Ақтөбеде 9 сынып оқушысының қалтасынан 48 түйіншек есірткі табылған

Қаңтар айында Қазақстан бойынша синтетикалық есірткі таратқан 4 оқушы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің брифингісінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Спикер атап өткендей, заңсыз есірткі сататын интернет-дүкендердің иелері жастардың, әсіресе, оқушылардың аңқаулығын пайдаланатын болған. Соның салдарынан елімізде есірткі бизнесіне тартылатын жасөспірімдер саны көбейіп келеді.

Спикер осы ретте есірткі таратқандар 14 жасынан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін еске салды.