Ақтөбеде анасы мен баласын өлтірген күдікті ұсталды
Ақтөбеде анасы мен баласын өлтірген күдікті ұсталды
Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» туралы бұлтартпау түріндегі шарасы қабылданған. Екі айға санкция беріліп, ол 31 мамырға дейін жалғасады.
Еске салсақ, 29 наурыз күні сағат 5:30-да полицияға 13 жастағы қыз хабарласады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері, пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің көмек сұрап хабарласқан 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір осы іске қатысты тергеу жалғасып жатыр.