Ақтөбеде көктайғақ салдарынан 12 көлік соқтығысты
28 қазанда Ақтөбе қаласында "Сельмаш" ауданындағы көпірде күн райының қолайсыздығына байланысты (қар, көктайғақ) 12 көлік соқтығысты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazinform.
Полиция департаменті жүргізушілер үшін ең қауіпті — дымқыл асфальт екенін еске салады. Жол төсемі тайғақ, сонымен қатар бетіне мұз қатқан. Бұл жағдайлар көлік құралдарының тоқтау жолының ұзаруына ықпал етеді. Жолдарда қауіпсіз жүру мақсатында полицейлер автокөлік құралдарының иелеріне жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға кеңес береді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Шахтада қалған бір кенші іздестірілуде
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






