дүйсенбі, 25 қараша, 2024 1:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбеде көлік аударылып, жүргізушісі мерт болды

Ақтөбеде көлік аударылып, жүргізушісі мерт болды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде көлік аударылып, жүргізушісі мерт болды
Ақтөбеде жеңіл көлік аударылып, кейін жанып кетті. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Оқиға түнгі сағат 01:40-та тіркелді. Самара-Шымкент автожолының 692 шақырымында Mercedes-Benz көлігі аударылып қалды. Қобда ауданынан Ақтөбе қаласына бағыт алған жүргізуші Маржанбұлақ ауылына жақын маңда рульге ие бола алмай қалған. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік өртеніп кетті. Сонымен қатар 38 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал екі жолаушы Ақтөбе қаласының ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Айта кетейік, өткен аптада облыс жолдарында 12 жол-көлік оқиғасы болды. Онда 3 адам қаза тауып, 14 адам жараланды. Еске салсақ, кеше Ақтөбеде газ құю бекетіндегі цистерна жарылды. Алға қаласындағы оқиға орнына 26 адам мен 7 техника жіберілді. Облыстық ТЖД қызметкерлері 2 көтергіші бар техника мен екі цистернаны оттан сақтап қалды. Өрт сағат шамамен 20:02-де сөндірілді. Адамдар дін аман. Газ құю стансасының үш қызметкері оқиға орнынан өздері кетіп үлгерген. Сондай-ақ осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар