Жаңалықтар

Ақтөбеде кешеден бері 4 жасар бала табылмай жатыр

Ақтөбеде кешеден бері 4 жасар бала табылмай жатыр

Ақтөбе қаласында 4 жасар Данил Ахунов табылмай жатыр. Ол 28 желтоқсан таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоқ болып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бүгін сағат 9:35-те Жедел басқару орталығының 102 телефонына Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласынан 2018 жылы туған Ахунов Данил Артуровичтің жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Оны іздеуге полициямен қатар еріктілер жұмылдырылды.