дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбеде өрт шыққан мектептен 1 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Ақтөбеде өрт шыққан мектептен 1 мыңға жуық адам эвакуацияланды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде өрт шыққан мектептен 1 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Ақтөбе қаласында №23 орта мектеп-лицейінен өрт шықты. Мектептегі 900-ден астам оқушы мен мұғалім эвакуцияланды, деп хабарлайды Жамбылинфо  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Оқиға бүгін сағат 08:01-де тіркелді. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданының Сәтпаев көшесінде орналасқан №23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Шақырту орнына жедел түрде 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілді. «Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде 1-қабатта орналасқан кабинеттің жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында мектеп-лицейден 890 оқушы және 60 мұғалім эвуакацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 08:12-де толықтай сөндірілді. Өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар