Жаңалықтар

Ақтөбеде суши жеген 8 адам инфекциялық ауруханаға түсті

Қазіргі кезде оларды эпидемиолог мамандар тексеріп жатыр.

Бір түнде облыстық клиникалық инфекциялық ауруханаға 8 адам түсті. Олардың тек алтауы ғана ауруханада жатып, ем қабылдаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz inform.kz сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астан улану себебі тексеруден соң белгілі болады.

Еске салсақ, Ақтөбеде жарты жылда мың адам ит-мысықтан зардап шекті. Бұралқы иттерді аулауға 100 млн теңге бөлінді. Қаржы төрт бағыт бойынша жұмсалып жатыр.