Жаңалықтар
Ақтөбедегі тасқынға дайындық: әскери қызметшілер жарты шақырымдық арнаны қардан тазартты
- авторjambylinfo.kz
- 3 наурыз, 2025
- 232

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Ақтөбеде су тасқынын алдын алу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
30238 әскери бөлімінің сарбаздары Жаман Қарғала өзені маңындағы бау-бақша аумағында су арналарының тазалығын қамтамасыз етуде.
"Жұмысқа ТЖМ мен жергілікті билік өкілдері және Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімінен 100 сарбаз қатысты", – делінген хабарламада.
Олар ұзындығы 600 метр болатын каналдың 500 метрін қардан тазартты.
Қар шығару, су арналары мен жағалауларды бекіту, бөгеттер тұрғызу және суды бұру жұмыстары жалғасады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала