дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 18:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбеден Таиланд, Дубай және Пхукет аралдарына әуе рейстері ашылады

Ақтөбеден Таиланд, Дубай және Пхукет аралдарына әуе рейстері ашылады
ашық дереккөзі
Ақтөбеден Таиланд, Дубай және Пхукет аралдарына әуе рейстері ашылады
Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайы жыл соңына дейін бес бағытта жаңа әуе рейстерін ашады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті. «Ашық аспан» режимі аясында енді ақтөбеліктер 19 қазаннан бастап Таиланд, Пхукет аралдарына, 24 қазаннан бастап Дубайға, қарашадан бастап Ташкентке, сондай-ақ Самараға ұша алады. 1 қарашадан бастап Ақтөбеден Орал қаласына да тұрақты рейс ашылады. Ал, 2023 жылдан бастап Ақтөбеден Көкшетау, Өскемен, Шымкент қалаларына және Үрімші, Чехия астанасы Прагаға жаңа рейстер ашылады. Бүгінде халықаралық әуежай 12 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді. Биыл Антальяға қатынайтын рейстер саны аптасына 6 рет, Мәскеуге 4 ретке дейін ұлғайтылды. Шілде айында Бакуге рейстер ашылды», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Айта кетейік, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, Ақтөбе әуежайы 750 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіп, 20 мың тоннадан астам жүк қабылдаған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар