Жаңалықтар

Ақтөбенің Ойыл ауданында өзенде мұз жұқарып, көлік суға батып кетті

Ақтөбенің Ойыл ауданында өзенде мұз жұқарып, көлік суға батып кетті

Ойыл өзеніне Уаз маркалы автокөлік батып кетті. Дер кезінде көліктегі жүргізуші мен 2 жолаушы өз бетімен шығып үлгерген. «Мұз үстімен өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Мұздың жұқа бөлігіне шықпау керек. Көлікпен тек арнайы өткел арқылы өткен жөн. Мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындамауды қатаң ескертеміз»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.