Сенатор «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасына қатысты түсіндірді.
Сіздердің қарауларыңызға Парламент депутаттары бастамашылық жасаған «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы ұсынылады. Бұл заң жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы ізгілік идеясының негізінде игі ниеттілік танытып, қаңтар оқиғаларына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Ұсынып отырған заң жобасы – Қаңтар оқиғасына кезінде жасалған қылмыстар бойынша жауапқа тартылатын адамдарға мемлекет пен қоғам тарапынан гуманизм мен мейірімділік актісі. Тергеу органдары қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 1600-дей адамды анықтап, оларды жауапқа тартуда, - деп атап өтті сенатор.
Сонымен қатар ол қанша адамға үкім шығарылғаны туралы айтты.
Оның ішінде 1 112 адамға сот үкімі шығарылды. Басқаларының істері тергеу сатысында. Рақымшылық сотта да, тергеуде де қолданылады, - деді Ләззат Сүлеймен.