сейсенбі, 26 қараша, 2024 7:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаңтар оқиғасы: Шымкентте жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты

Қаңтар  оқиғасы:  Шымкентте жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Қаңтар оқиғасы: Шымкентте жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 15 шілде күнгі үкімімен 3 адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Күдіктілер ҚР ҚК-нің 272-бабының 2,3-бөліктерімен кінәлі деп танылды. Тексеру барысында олардың полиция басқармаларының ғимараттарын өртеу, басып алу, жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды шабыттандыру, адамдарды қаруландыру, қаржыландыру, арнайы техникалардың жүруіне кедергі жасау үшін жүк көліктерімен ірі және майда тастарды төгу туралы ұялы байланыс арқылы сөйлескендіктері анықталған. «Күдіктілердің 2021 жылы ҚР ҚК-нің 405-бабында (экстремистік қылмыстарды) қарастырылған қылмыстарды жасағаны, пробациялық бақылаудың есебінде тұрғаны, алдын жасаған қылмыстарынан нәтиже шығармағандары белгілі болды» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Айта кетейік, қаңтар айының 5-нен 6-на қараған түні Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының алдында жаппай тәртіпсіздік орын алған болатын. Назарбаев даңғылының бойында «Рупор» дыбыс үлкейткіш құралын пайдалану арқылы ұйымдастырушылар адамдарды тәртіпсіздікке шақырып, саяси дүрбелең туғызды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар