жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге Бас прокуратура ұсынған тізім бойынша көмек көрсетіледі

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге Бас прокуратура ұсынған тізім бойынша көмек көрсетіледі
ашық дереккөзі
Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге Бас прокуратура ұсынған тізім бойынша көмек көрсетіледі
«Қазақстан халқына» қоры қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен және қаза тапқандардың отбасына көмекті Бас прокуратура ұсынған тізім бойынша көрсетеді. Бұл туралы аталған қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті. «Қор атынан қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 19 отбасыға 133 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған 18 адамның отбасына 126 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, жарақат алған 6 баланың отбасына қордан 18 млн теңге берілді», - деді «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, қор тарапынан қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен жалпы саны 154 адамға қаржылай көмек көрсетілді. «Осы орайда, айтып өтетін жайт, қордан көмек алған кейбір азаматтар оларға қатысты мәліметтерді жарияламауды сұрады. Дегенмен, бізде кімге қандай көмек көрсетілгені туралы толық есеп бар», - дейді ол. Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев жуырда Бас прокуратурадан қаңтар оқиғасынан зардап шеккендер мен қаза болғандар тізімі берілетінін айтты. Сол тізімдегі азаматтарға қор тарапынан көмек көрсетілмек.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар