дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаңтар құрбандары: Оқ атқан десантшы ұсталды

Қаңтар құрбандары: Оқ атқан десантшы ұсталды
ашық дереккөзі
Қаңтар құрбандары: Оқ атқан десантшы ұсталды
Бас прокуратура ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өлімі бойынша күдіктінің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Алдымен бұл туралы журналист Михаил Козачковтың Telegram-каналында ақпарат жарияланды. Журналист Қаңтар оқиғасы кезінде ҚазҰУ ректорының ұлының өліміне қатысты күдіктінің ұсталғаны, оның әскери десантшы екені туралы ақпарат таратқан. Күдіктінің ұсталғанын Ulysmedia.kz порталына Бас прокуратураның баспасөз қызметі де растады.
«Күдікті  ұсталып, қамауға алынды», - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Еске салайық, 6 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар қайтыс болған. Университеттің баспасөз қызметі оны коменданттық сағат басталмай тұрып үйіне қайтып келе жатқанда белгісіз біреу көлігінде атып өлтіргенін хабарлаған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар