Қаңтарда қазақстандықтар қанша күн демалады
Күнтізбе деректеріне сәйкес, бес күндік жұмыс режиміндегі қызметкерлерге 12 күн демалыс беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 7 күн демалады.
Қаңтар айында қазақстандықтар бірнеше күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бес күндік жұмыс аптасы үшін:
30–31 желтоқсан – жұмыс күндері;
1–2 қаңтар – Жаңа жыл мерекесіне арналған демалыс;
3–4 қаңтар – демалыс күндері;
5–6 қаңтар – жұмыс күндері;
7 қаңтар – православиелік Рождествоға байланысты демалыс күні.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін:
30–31 желтоқсан – жұмыс күндері;
1–2 қаңтар – мерекелік демалыстар;
3 қаңтар (сенбі) – жұмыс күні;
4 қаңтар (жексенбі) – демалыс;
5–6 қаңтар – жұмыс күндері;
7 қаңтар – православиелік Рождество мерекесіне арналған демалыс күні.
Мектеп оқушыларының қысқы каникулы 29 желтоқсаннан басталып, 7 қаңтарға дейін жалғасады. Оқушылар 8 қаңтарда сабаққа қайта оралады.
Сонымен қатар, қазақстандықтар 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай қосымша демалыс күнін алады.