"Ақтау әуежайында болған ұшақ апатына Ресей жауапты" Владимир Зеленский
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 желтоқсан, 2024
- 62
Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желіде Ақтау әуежайында болған ұшақ апатына Ресей жауапты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Azerbaijan Airlines рейсінің апатқа ұшырауына қатысты егжей-тегжейлі ақпараттар шығып жатыр. Президент Әлиевке және Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Әрбір адамның өмірі құнды және ақиқатты анықтау үшін әр адамның өлімі мұқият тексеруге лайық. Апат орнындағы айқын визуалды дәлелдер қайғылы жайтқа Ресей жауапты екенін нұсқап отырғанын көріп отырмыз. Егер Ресей MH17-мен болған жағдайдағыдай (2014 жылы Донецк облысында болған әуе апаты – ред. ескертпесі) жалған ақпарат таратуды шешсе, шындықты анықтау және жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін Мәскеуге барлық халықаралық қысымды біріктіруіміз керек", - делінген Зеленскийдің мәлімдемесінде.