Ақтауда ресейлік азаматты тонап кетті
Ақтауда ресейлік азаматты тонап кетті
Ақтаудағы орталық шағын аудандардың бірінде Ресейден келген азаматты тонап кеткен. Ұрылар оның тұрып жатқан пәтеріне түсіп отыр. Ресейлік азаматтың тоналғанын lada.kz ақпараттық сайты жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға 11-шағын аудандағы №39 үйде болған. Ал ұрылардың пәтерге түскені жайлы мәлімет әлеуметтік желіде тарады. Аталған жайтты полиция департаментінде растап отыр. Қазіргі уақытта тонау дерегімен шұғыл іздеу шаралары жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасуда.