Ақтауда үш баласын өлтірген әкеге қатысты тың дерек шықты
Ақтауда үш баласын өлтірген әкеге қатысты тың дерек шықты
Қалалық мәслихат депутаты Гүлмира Әбішеваның айтуынша, ерлі-зайыпты ажырасып кеткен. Балалары анасымен Атырауда тұрып жатқан. Ол демалыста екі қызы мен ұлын Ақтауға алып келген. «Ер адамды танитындар оны өзге ағымның жетегінде кеткен жігіт деп жазыпты. Ислам дінінде адам тұрмақ құмырсқаға қиянат жасауға болмайды. Осы орайда білім және құқық қорғау органдары бас болып, қоғамдық ұйымдар қосшы болып бірлесіп, өзге ағымдағы азаматтардың тізімін жасақтап, балаларын қадағалаған жөн-ау», - дейді ол.