Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылды: жазатайым оқиға кезінде кім қаза тапқаны белгілі болды
Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылды: жазатайым оқиға кезінде кім қаза тапқаны белгілі болды
Ақтау әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы өкілі тұрғын үйдің кіреберісінің төбесі құлаған оқиға туралы тың деректер айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 11 мамырда 9-шағынаудандағы үйлердің бірінде кіреберістің бетоны құлады. Төтенше жағдай салдарынан бір ер адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті.