Ақтаудағы жол апатында әскери қызметкерлер зардап шеккендерге көмектесті

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлімдеді
Ақтауда LADA автокөлігі жарық бағанасына соғылып, жүргізуші мен жолаушы көлік ішінде қысылып қалған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға орнына жақын маңда болған Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінің сарбаздары дереу көмекке келді. Олар зардап шеккендерді көліктен шығарып, қауіпсіз жерге орналастырып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
"Біз жол апатын байқап, бірден әрекет еттік. Зардап шеккендер есін білгенімен, жарақат алған еді. Дереу жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенше қастарында болдық", – деді қатардағы жауынгер Решат Газимбеков.
Сондай-ақ, әскери қызметкерлер полиция келгенше оқиға орнын бақылауға алып, қосымша қауіптердің алдын алды.