Жаңалықтар

Ағзасын ауыстыру үшін Түркияға барған қазақстандық әйел қамауға алынды

Ағзасын ауыстыру үшін Түркияға барған қазақстандық әйел қамауға алынды

Ағза алмастыруға мұқтаж қазақстандық әйел Түркияда жалған құжат жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Жамбыл инфо ҚазАқпарат сайтына .

ҚР СІМ ресми өкілі Қазақстан консулдығы аталған оқиғаны ерекше бақылауда ұстайтынын айтты. «Біз қазірдің өзінде адвокат таптық, оның туыстарымен үнемі байланыстамыз. Қазір оны денсаулық жағдайына байланысты ешқайда шықпайтыны туралы қолхатпен ауыстыруды сұрап жатырмыз», - деді Айбек Смадияров.