жексенбі, 6 қазан, 2024 18:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ақ жол» партиясы жасырын дауыспен президент сайлауына үміткерді таңдады

«Ақ жол» партиясы жасырын дауыспен президент сайлауына үміткерді таңдады
ашық дереккөзі
«Ақ жол» партиясы жасырын дауыспен президент сайлауына үміткерді таңдады
«Ақ жол» демократиялық партиясы президент сайлауына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Партияның кезектен тыс ХІХ съезінде президент сайлауына қатысуға жетісулық журналист Сандуғаш Дүйсенова, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер Асқар Садықов ниет білдірген еді.
Сонымен бірге партия мүшелері қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да кандидатурасын қолдауды ұсынған. Жасырын дауыс беру үшін 126 бюллетень қолданылды. Бірінші үміткер журналист Сандуғаш Дүйсенова 11 дауыс жинап, 6 пайызды иеленсе, депутат Серік Ерубаев 23 дауыспен 19 пайызға ие болды. Ал партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов 17 дауыспен 13,7 пайыз алса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатруасын 74 адам – қатысушылардың 64,1 пайызы қолдаған. «Қазір біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық жағдай болсын, ішкі саясаты, сыртқы саясаты болсын, тар жол, тайғақ кешуден өтіп жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағына келсек, соңғы кездері Президент Қ. Тоқаев қабылдаған шешімдерге түрлі пікір айтылса да, олардың көпшілігі нарықтық экономикаға арналған, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуға, жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған. Яғни, бұл ұсыныстар негізінен «Ақ жол» партиясының көзқарасына жақын», - деді Азат Перуашев партия съезінен кейін тілшілерге берген сұхбатында.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар