«Қабағым жарылды»: Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта оқыс оқиғаға тап болды
Тележүргізуші «Flyarystan» әуекомпаниясының үстінен арыз жазды
Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта орын алған келеңсіз оқиға туралы instagram желісіндегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ләйла Сұлтанқызының айтуынша, ол кеше сағат 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келген. Алайда ұшақ жерге қонғанда есік ұзақ ашылмай, абайсызда үстіңгі сөреде тұрған ауыр зат оның үстінде құлаған.
Тележүргізуші жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген «Flyarystan» әуекомпаниясының үстінен арыз жазған.