Жаңалықтар

ҚАБАҚ ЖАСАТУҒА КЕЛГЕН ӘЙЕЛ СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫНДА КӨЗ ЖҰМДЫ

ҚАБАҚ ЖАСАТУҒА КЕЛГЕН ӘЙЕЛ СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫНДА КӨЗ ЖҰМДЫ

Өскемендегі сұлулық салонында блефаропластикалық ота жасатқан әйел жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмды 1962 жылы туған Өскемен қаласының тұрғыны көзге блефаропластикалық ота жасату мақсатында сұлулық салонына барған. Сұлулық салонының қызметкерінде медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты жоқ болса да, процедураны жасаған. Кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, көз жанарының айналасын түзетпек болған әйел осылайша жансақтау бөлімінде есін жинамастан қайтыс болды. Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері түсінік берді. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабы, 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Қала прокуратурасы сұлулық салондарына және басқа да косметикалық процедуралармен байланысты қызмет көрсететін орындарға барған кезде абай болуды ескертті.