Жаңалықтар

Абаев: Көшпенділер ойындарын Қазақстанда өткізу – аса жауапты жұмыс

Абаев: Көшпенділер ойындарын Қазақстанда өткізу – аса жауапты жұмыс

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының эстафетасы Қазақстанға табыс етілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Осы орайда көшпенділер ойындарын Қазақстанда өткізу аса жауапты жұмыс екенін айтты. «Мыңжылдықтардың мұрасына ие, көшпелі дала салтын ұлықтаған ел ретінде бұл дүбірлі доданы жоғары деңгейде өткіземіз деп сенемін. Кеше Түркия төрінде ел намысын қорғап, ерекше нәтиже көрсеткен барлық жеңімпазды тағы да шын жүректен құттықтаймын! Ат үстіндегі Алаш рухының айбыны арта берсін!», - деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Түркі қоғамдастығы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 2024 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдады. IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды, оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 2 қола.