дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Абай Бегейдің 9-сынып бітірген қызы күйеуге тиіп кетті

Абай Бегейдің 9-сынып бітірген қызы күйеуге тиіп кетті
Коллаж: Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Абай Бегейдің зайыбы Фариза Жұманова Instagram-дағы парақшасында айтты

Бегейдің ортаншы қызы Сымбат Абайқызын алып қашты, деп хабарлады Jambylinfo.kz.

Ulysmedia.kz. жазуынша, алайда күйеу жігіт қызды алып қашпас бұрын ұсыныс жасаған екен. 

ӘНШІ ҚЫЗЫН АЛЫП КЕТКІСІ КЕЛГЕН

Оның айтуынша, Сымбатты алып қашып кеткенін естіген кезде Абай Бегей қызын алып кеткісі келген болған. Бірақ әнші қызының таңдауы кім болғанын көріп, онымен танысқаннан соң батасын берген. 

Неше күннен бері сіздерге айтуға енді уақыты келген сияқты. Отбасымызда тіптен ойламаған жағдай болып, барлығымыз абдырап қалдық. Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір-ақ күн қалғанда, «үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті», деген хабар жетті, – деді ол.

«ДҰРЫС АДАМДАР ЕКЕН. БАТАМДЫ БЕРЕМІН»

Содан кейін ол әкесінің қызына ақ батасын бергенін айтты.

Барлығымыз Алматыдамыз. Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік. Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды. Әкесі «Қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей ешқандай қызымды бермеймін», деді. Сол күні бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің ата-анасы, ауыл үлкені келіп, әкесінің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады. Әкесі де өз ауылымыздың үлкендерімен ақылдаса, екі күн ойлана келе, «Келген ел –  көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен. «Қызымның таңдауын құрметтеймін! Маңдайына жазып тұрса, бағы болсын» деп ақ батасын берді», –  деп жазды Фариза Жұманова. 

Ол «Жол мұраты - жету, қыз мұраты – кету» демекші, осылайша Табынай ауылы Бегей ауылының қызын алғалы отыр, деп сөзін аяқтады.

Елімізде қызды алып қашу оқиғасы жиілеп кеткені сонша, танымайтын адымды да күштеп алып қашып жатқандар бар. Мысалы, қаңтар айының ортасында Маңғыстау облысының 22 жастағы тұрғыны Шымкентке арнайы келіп, қызды қалыңдық ету мақсатында ұрлап кеткен болатын. Қызығы сол, екеуі бір-бірін танымайды. Содан күдікті қамауға алынды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар