жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Абай облысында тағы өрт шықты

Абай облысында тағы өрт шықты
ашық дереккөзі
Абай облысында тағы өрт шықты
Абай облысы Көкпекті ауданында кешеден бері дала өртінің беті қайтпай жатыр, деп хабарлайды Жамбылинфо  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Абай облысында кешеден бері дала өртінің беті қайтпай жатыр Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт 2 шілде күні сағат 11.00 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде шыққан. Тілсіз жау ашық алаңда қамысты шарпып жатыр. «Оқиға орнына жергілікті атқарушы орган қызметкерлері дереу келіп жетті. Қазіргі уақытта болжам бойынша қызыл жалынның жалпы ауданы 200 гектарды құрайды. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Ешкім зардап шекпеді», - делінген ақпаратта. Үлгілі Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша өртпен күреске ТЖД күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар