Жаңалықтар

Абай облысындағы өрт аймағында тағы бір адам жоғалып кетті

Абай облысындағы өрт аймағында тағы бір адам жоғалып кетті

Долон орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архипов із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Туған-туыстары оны табуға көмектесуді сұрайды. Сергей Архиповтың жоғалып кеткені жөнінде ақпарат Оса Семей инстаграм парақшасында жарияланды. Ол 9 маусымнан кейін байланысқа шықпаған. Қаштаққа өрт сөндіруге кеткен.

Еске салайық, 8 маусымда “Семей орманы” аумағында өрт  тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды. Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды. Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты. Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.