сенбі, 23 қараша, 2024 15:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Адам еттен толық бас тартса, ағзада қандай өзгерістер болады

Адам еттен толық бас тартса, ағзада қандай өзгерістер болады
ашық дереккөзі
Адам еттен толық бас тартса, ағзада қандай өзгерістер болады
Адам еттен толық бас тартса, ағзада қандай өзгерістер болады? Бұл сауалға Алматы қаласындағы №4 емхананың дәрігері Ұлбосын Әміркенова жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Егер сіз екі апта бойы ет жемесеңіз, өзіңізді жеңіл сезініп, асқазан-ішек жолдарының жұмысы жақсарғанын, күш-қуатыңыздың артқанын байқайсыз. Алайда еттен бас тартпас бұрын дұрыс тамақтанбай жүрсеңіз және детокстан кейін де мұны жалғастырып яғни, жартылай дайын өнім мен фаст-фудты тұтына берсеңіз, онда диетадан еш пайда жоқ", - дейді дәрігер. Десе де, дәрігер ұзақ уақыт ет жемеу денсаулыққа кері әсер ететінін, салдарынан В12 дәрумені, темір, мырыш, кальций және омега-3 сияқты микроэлементтердің тапшылығы туындауы мүмкін екенін айтады. "В12 дәрумені өсімдіктен жасалған тағамдарда аз кездеседі, оның тапшылығы анемия мен неврологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін. Сондықтан вегетариандар мен вегандарға ағзаны барлық қажетті қоректік затпен қамтамасыз етуде тепе-теңдікті сақтау маңызды", - дейді Ұлбосын Әміркенова. Сондай-ақ маман еттен бас тарту гормонның бұзылуына (шаш, тырнақ, сүйекке кері әсер етіп) әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Ұлболсын Әміркенованың айтуынша, вегетариандық немесе вегандық диетаға ауыспас бұрын әуелі дәрігермен не диетологпен кеңесу керек. Олар жеке қажеттіліктеріңізді ескеріп, соған сай тамақтану кестесін әзірлеп береді. Дереккөз: https://kaz.nur.kz/health/2044442-adam-etten-tolyq-bas-tartsa-agzada-qandai-ozgerister-bolady/  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар