Жаңалықтар

Адам өлтірген екі күдіктіге іздеу жарияланды

Адам өлтірген екі күдіктіге іздеу жарияланды

Батыс Қазақстанда екі күдіктіге іздеу жарияланды. 1991 жылы туған Руслан Қожантаев пен 2001 жылы туған Амангелді Тұрлан орталық саябақ жанында белгілі кәсіпкерді өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан. Олардың қашып бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір облыстық Полиция департаментінің барлық күш, құрылымы күдіктілерді іздеуге жұмылдырылды.