дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 8:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ: Президент қаңтар оқиғасында Маңғыстауда кісі өлімі болмағанын айтты

Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ: Президент қаңтар оқиғасында Маңғыстауда кісі өлімі болмағанын айтты
ашық дереккөзі
Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ: Президент қаңтар оқиғасында Маңғыстауда кісі өлімі болмағанын айтты
«Мен әр өңірге барғанда жалпыұлттық маңызы бар мәселелерге тоқталып жүргенімді білесіздер. Каспий жағасынан сабыр мен ұстамдылық туралы ой-пікірімді ортаға салғым келеді. Бабаларымыз «Сабыр түбі – сары алтын» деп бекер айтпаған. Қазіргі алмағайып заманның беталысын көріп отырсыздар. Геосаяси ахуал күннен күнге шиеленісіп барады. Көптеген мемлекеттер қауіпсіздік тұрғысынан зардап шекті. Осы күрделі кезеңде бізге сабырлық және байыптылық ауадай қажет. Әр нәрсенің астарына үңіліп, бәріне мемлекет және ұлт мүддесі тұрғысынан қарауымыз керек. Барлығын әп-сәтте бірден өзгертемін деуге болмайды», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев жиында. Оның айтуынша, елге қажетті шаралар асықпай, біртіндеп жүзеге асырылып жатыр. «Біз саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастырып, орнықтыруымыз қажет. Кез келген мәселеде келіссөз арқылы, диалог арқылы мәмілеге келу керек. Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде сіздер ел тағдырына жауапкершіліктің үлгісін көрсеттіңіздер. Сол күндерде мұнда адам өлімі болған жоқ. Мемлекеттік және қоғамдық орындар шабуылға ұшыраған жоқ. Елге жанашырлық деген – міне, осы! Шын мәнінде, адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Қандай күрделі мәселенің өзін айғай-шу, дау-дамайсыз сабырмен шешуге болады. Біз ішкі және сыртқы саясатта осы ұстанымды сақтаймыз. Өйткені, тұрақтылық, татулық және тыныштық – барлық табыстың көзі. Бұл – ақиқат. Жалпы, бізге, ең алдымен, заң мен тәртіп керек. Заңдарымыз әділ, тәртібіміз қатаң болуға тиіс. Қазіргі жағдайда басқаша болуы мүмкін емес. Тұрақтылық, тыныштық болмаса, ешқандай даму болмайды», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар