дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қадір түні амалдар қабыл болу үшін не істеу керек?

Қадір түні амалдар қабыл болу үшін не істеу керек?
Биыл Қадір түні сәуірдің 5-нен 6-не қараған түні деп белгіленіп отыр. Ал мың айдан да қайырлы түнді қалай өткізген жөн? Бұл сұраққа облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жауап берді,-деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жамбыл облысының бас иманы Бейбіт Мырзагелдиевтің сөзінше, Қадыр күнін күтудегі басты мақсат - жай ғана ояу отыру емес, тілек тілеп, дұға жасап, намаз оқу.

«Көп адамдар Қадыр күні көз ілмей, ояу отырсам болды деп ойлайды. Бұл жаңсақ пікір. Сонымен қатар, уақыт өткізу үшін телефонға телміріп, бос  отыруға болмайды. Мың айдан да қайырлы түнді құлшылықпен өткізу шарт. Бастысы, шын жүректен тілек тілеп, дұға жасап, намаз оқыған абзал»,-деді имам.

Сондай-ақ, Бейбіт Мырзагелдиев әйелдердің, қыздардың Қадыр түнін мешіттен гөрі, үйде қарсы алғаны әлдеқайда пайдалы әрі дұрыс екенін атап өтті.

 

 

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар