АЭС Қазақстанға, Еліміздің болашағы үшін керек - Махметғали Сарыбеков
- авторjambylinfo.kz
- 6 қыркүйек, 2024
- 750
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Махметғали Сарыбеков АЭС Қазақстанға, Еліміздің болашағы үшін керек екенін баса айтты. Алайда ол бірінші кезекте, халықты мазалайтын қауіпсіздік мәселелерін, жүйелі түрде шешу керегіне ерекше тоқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Әрине, халықтың арасында қызу талқыланып жатқан – атом электр стансаның құрылысы. Бұл мәселеге байланысты қоғамдық талқылаулар өтті, 6-шы қазанда жалпыұлттық референдум болады. Менің базалық білімім – физика, кандидаттық және докторлық диссертациямды экологиялық білім беру, экологиялық тәрбие, жастардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениеттілігін қалыптастыру мәселелері бойынша қорғадым. Егер таразға салып, АЭС-тың экологиялық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік, геосаяси артықшылықтарын сараптап қарасақ, АЭС Қазақстанға, Еліміздің болашағы үшін керек. Ұлттық экономиканың дамуы энергиямен толық қамтамасыз етілуіне байланысты. Әрине, халықты мазалайтын қауіпсіздік мәселелерін, бірінші кезекте, жүйелі түрде шешу қажет», -деді ректор.
Сондай-ақ, Махметғали Нұрғалиұлы Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында бүгінгі таңдағы күрделі мәселелерді ашып көрсеткенін, енді Президент берген тапсырмаларды іске асыру қажет екенін алға тартты.
«Барлығымыз жақсы өмір сүргенді қалаймыз. Олай болса, қолымыздан келгенше Ел Президентің қолдап, тапсырмаларын іске асыру қажет»,-деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз