дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"АЭС - энергетикалық тәуелділіктен құтқарады " - депутат

"АЭС - энергетикалық тәуелділіктен құтқарады " - депутат
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Облыстық мәслихаттың депутаты Гулам Умаров ертеңгі күнді бүгін ойлаған дұрыс дейді

Сол себепті, депутат отандастарымыздың Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған АЭС салу мәселесін шешу үшін 6-шы қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

"Күннің жарығы мен жылуы адам баласына қандай қажет болса, АЭС те еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруі үшін өте қажет. Ертеңгі күнді бүгін ойлаған дұрыс. Болашақта электр жарығының тапшылық қаупі тұрғанда АЭС салудан бас тартпай, белді бекем буып, ел болып қолдауымыз керек. АЭС-тің арқасында ең алдымен, тасымалданатын жарықтан құ­ты­лып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жетеді. Одан кейін экологияға зияны жоқ жасыл аймаққа айналамыз. Тағы бір пайдасы, атом энергетикасы орталық Қазақстанда орналасса, еліміздің барлық аймағын энергия­мен қамту деңгейі артады деп есептейміз.шақырды Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, атом энер­гиясы қуаттылығы жағынан көмір мен газдан әлдеқайда жоғары, әрі сыртқа аз қалдық шығарады. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Көмір мен газ түтінін азайтуға үлесамыз. Ендеше, ел болып 6-шы қазанда өтетін референдумға белсенді түрде қатысайық", - деді Гулам Умаров. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар