АЭС - энергия тапшылығын жояды - мұғалім
Біз мұны жақсы түсінуіміз керек дейді ол
Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерімбет Нұрланұлы жыл санап халық санының өсуі - энергия тапшылығына әкеп соғуда. Сол себепті, АЭС салу уақыт талабы екенін айтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Қазақстанның энергетикалық секторы көмір электр станцияларына аса тәуелді екенін білеміз. Бұл тәсілмен ұзақ мерзімде энергия қуатын өндіру мүмкін еместігі шындық. Себебі, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі жоғары, ал халық санының өсуі мен энергия тұтыну көрсеткішінің қарқынды артуы жағдайды қиындатып отыр. Сол себепті, АЭС салу уақыт талабы екенін түсінуіміз керек", - дейді Ерімбет Нұрланұлы.
Ұстаз барша халықты 6 қазанда өтетін референдумға бір кісідей қатысуға шақырды.