АЭС-ті салатын жағдайда халықаралық консорциум жұмыс істеуі тиіс - Президент
- авторjambylinfo.kz
- 6 қазан, 2024
- 356
Қасым-Жомарт республикалық референдумда дауыс берген соң журналистер президенттен референдум қорытындысы бойынша халық АЭС құрылысын қолдаса, оны кім салатынын сұраған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Мемлекет басшысы бұл оңай сұрақ емес екенін алға тартып, атом электр станциясын салатын жағдайда үлкен талдау-зерттеу жұмыстары жүргізілетінін айтқан.
«Бұл оңай сұрақ емес. Сондықтан Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздерді жүргізуге тиіс. Бірақ менің жеке көзқарасым Қазақстанда ең жетекші технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі тиіс. Ал қалғанын өмір көрсетеді», - деді Президент.
Еске сала кетейік, бүгін сағат 07:00 мен 20:00 аралығында ел азаматтары өз таңдауын жасайды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.
Референдумға 30 шет мемлекет пен төрт халықаралық ұйымның (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) атынан 177 байқаушы қатысады.
Дауыс беру барысын 14 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері, соның ішінде Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан орталық сайлау органдарының төрағалары да бақылап отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз