Жаңалықтар

АЭС-ті салатын жағдайда халықаралық консорциум жұмыс істеуі тиіс - Президент

Мемлекет басшысы АЭС салу жөніндегі референдумда дауыс берді

Қасым-Жомарт республикалық референдумда дауыс берген соң журналистер президенттен референдум қорытындысы бойынша халық АЭС құрылысын қолдаса, оны кім салатынын сұраған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Мемлекет басшысы бұл оңай сұрақ емес екенін алға тартып, атом электр станциясын салатын жағдайда үлкен талдау-зерттеу жұмыстары жүргізілетінін айтқан. 

Еске сала кетейік, бүгін сағат 07:00 мен 20:00 аралығында ел азаматтары өз таңдауын жасайды. 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.

Референдумға 30 шет мемлекет пен төрт халықаралық ұйымның (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) атынан 177 байқаушы қатысады.

Дауыс беру барысын 14 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері, соның ішінде Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан орталық сайлау органдарының төрағалары да бақылап отыр.