«АЭС салу – уақыт талабы» - Бақтияр Көпбосынов
Оның айтуынша, АЭС салу дәл уақытында қолға алынған бастама
Мұндай пікірді «Қазақ Газ Аймақ» АҚ Жамбыл облыстық филилының директоры Бақтияр Көпбосынов айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"АЭС салуды қолдаймын. Себебі, біздің елде энергетика өте өзекті мәселе. Бүгінде әлем бойынша 31 елде 415 атом реактор бар болса, тағы 60-қа жуығы жаңадан салынып жатыр. Әлемдегі ең қуатты атом электр станcалары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ-та орналасқан. Ал Қытай, Үндістан, Түркия, Мысыр сынды елдер соңғы жылдары атом энергетикасына белсенді түрде инвестиция салып жатыр. Егер 6 қазанда халық қолдап, елімізге АЭС салу туралы шешім қабылданатын болса, қазір 4 елдің тәжірибесі қарастырылып жатқанын білеміз. Олар – қытайлық CNNC, кореялық KHNP, ресейлік «Росатом» және француздық EDF компаниялары. Меніңше, бұл елдің қай-қайсысы салса да алдымен біздің ел үшін қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән береді деп ойлаймын", - деді Бақтияр Көпбосынов.