Жаңалықтар
Аида Балаева әйел затына жасалған зорлық күнінде үндеу жариялады
- авторjambylinfo.kz
- 25 қараша, 2023
- 261
Аида Балаева әйел затына жасалған зорлық күнінде үндеу жариялады
Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күніне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.Бүгін - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні. Бұл дата біздің еліміз үшін несімен маңызды, мәні неде, тәлімі қандай? Бұл сұрақтарға жауап қоғамның өзінде жатыр. Өкінішке қарай, әйел затына жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар жантүршігерлік сипат алуда. Ең сорақысы, қоғамның бір бөлігінің осындай зомбылыққа еті үйреніп, тұрмыстық әдетке ысыра салуға бейім тұр. Ал осы күні таяқ пен қорлықтан, психологиялық, жыныстық, тіпті экономикалық тұрғыдан зардап шегіп, өмірін өксікке толтырған мыңдаған әйел кейбіреулер үшін тілсіз статистика, - деді Аида Балаева.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз