Жаңалықтар

Air Astana-ға билет алып, Fly Arystan-мен ұшқан жолаушыларға өтемақы төленеді

Air Astana-ға билет алып, Fly Arystan-мен ұшқан жолаушыларға өтемақы төленеді

Air Astana-ға билет алып, Fly Arystan-мен ұшқан жолаушыларға өтемақы төленеді. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты.  Айтуынша, Air Astana әуекомпаниясы ұшақты Fly Arystan әуе кемесіне ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төленуі тиіс.  Мәселен, 2023 жылы Air Astana 31 588 рейс орындады, оның 226-да әуекомпанияның ұшақтары ауыстырылған.  Ал жолаушылар бұл туралы алдын ала ескертілмеген. Дереккөз: @sputnik_aitady