Жаңалықтар
Air Astana Алматы–Бангкок рейсіне қатысты түсініктеме берді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:41
- 84
Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді
18 желтоқсанда Air Astana әуе компаниясының Алматы–Бангкок бағытындағы KC931 рейсі техникалық себептерге байланысты Үндістанның Дели қаласына мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әуе компаниясының мәліметінше, бортта 138 жолаушы болған. Ұшақ Алматы қаласынан 01:00-де әуеге көтеріліп, белгіленген тәртіппен 05:51-де Делиге қонған.
Қазіргі таңда барлық жолаушыға тамақ ұсынылды, уақытша визалар рәсімделді. Сондай-ақ әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр.
Бангкокқа ұшуды жалғастыру үшін резервтік әуе кемесі дайындалуда.
Келесі мақала
Ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстан мен Франция заңсыз көші-қон мәселесі бойынша келісімге келді
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 желтоқсан, 2025






