Жаңалықтар

Air Astana арбаға таңылған Бибігүл Төлегенованы ұшаққа кіргізбей қою себебін түсіндірді

Бұл жайтқа байланысты әуе компанияның ресми парақшасында жауап жазылды

Желіде Қазақстанның Халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенованы Air Astana қызметкері бортқа кіргізбей әрі дөрекі сөйлегені туралы ақпарат тараған болатын. Аталған мәселеге қатысты Air Astana әуе компаниясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.  

Компания Бибігүл Төлегеноваға қатысты келеңсіз оқиғаның орын алғанын растады.

«Air Astana әуе компаниясының Бибігүл Ахметқызы Төлегеноваға деген құрметі ерекше! компания үшін қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұрады. Әуе қауіпсіздігінің халықаралық ережелеріне сай, арбада отырған жолаушылар ұшаққа ең бірінші болып немесе ең соңында мінеді. Яғни, осы ереже жолаушылардың бәрі үшін ыңғайлы. Біздің қолымыздағы ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова мен оның қызы жолаушылар ұшаққа міне бастағанда келген. Сондықтан, әуе компанияның агенті жолаушылар мініп алғанша күте тұрыңыздар деген. Әуе компания осы оқиғаның орын алғанына қатты өкінеді және қызмет сапасын жақсарту үшін қосымша тексеріс жүргізеді, - деп жазды компания желідегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, осы бірнеше күн бұрын Астанада Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова атындағы алғашқы жеке креативті мектептің ашылу салтанаты өткен болатын. Оған Халық әртісі Димаш Құдайберген қатысты.