жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Актерлер арасында қазақ күресінен «Театр барысы» турнирі өтеді

Актерлер арасында қазақ күресінен «Театр барысы» турнирі өтеді
ашық дереккөзі
Актерлер арасында қазақ күресінен «Театр барысы» турнирі өтеді
28 наурыз сағат 16:00-де елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен театрлар арасында «Театр барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту. Жарысқа еліміздің 17 облысындағы театр және кино актерлерімен қоса Қобыланды Болат және Саят Мақұлбаев сынды жалпы есепте 48 актер қатысады. Жоба авторы-Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының, «Ерен еңбегі» үшін төсбелгісінің иегері, театр және кино актері, үш дүркін «Өнер барысы», Музыкалық жас көрермен театрының актері Асылхан Төлепов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар