Алғашқы алтын: Универсиада ойындарында ел қоржыны бірнеше медальмен толықты
Алғашқы алтын: Универсиада ойындарында ел қоржыны бірнеше медальмен толықты
Таеквондодан 46 келіде Рита Бекішева финалда тайпейлік қарсыласын жеңіп, Дүниежүзілік Универсиада ойындарының чемпионы атанды. Көркем гимнастикадан Эльжана Таниева доп және таспа жаттығуында күміс, шеңбермен (обруч) жаттығуда қола жүлде еншілесе, дзюдодан 100 келіге дейінгі салмақта белдескен Бекарыс Сәдуақас қола жүлдегер болды. Қазақстан құрамасында жалпы бір алтын, бес күміс және бес қола жүлде бар.