«Алғашқы қоңырау бәріне бірдей соғылмайды»: министрлік 1-ші қыркүйекке қатысты түсініктеме берді
- авторjambylinfo.kz
- 28 тамыз, 2024
- 1.7k
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 -ші қыркүйек жексенбіге тұспа-тұс келуіне қарамастан еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылатынын айтқан болатын. Бірақ бірнеше күннен кейін министрлік бұл шараға тек 1-11 сынып оқушылары ғана қатысатынын айтқан. Алайда, кейін белгілі болғандай, ведомство өкілдері 1-ші қыркүйекте өтетін салтанатты жиыннан кейбір мектептер босатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
«1-ші қыркүйек Білім күніне орай өтетін салтанатты жиыннан оқушы саны 4000-нан асатын мектептер босатылады. Ал мектепте оқушы саны аз шағын қалалар мен ауылдық елдімекендерде бұл мәселені мектеп әкімшілігі өздері шешеді. Яғни бұл мектептерде барлық оқушыларға бірдей салтанатты шараны өткізу я өткізбеу олардың өз құзырында»,- деп жауап берді министрліктен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024