Алғыс айту күні айрықша салтанатпен атап өтілуде
Алғыс айту күні өңірімізде ерекше салтанатпен басталды. Алдымен облыс әкімі бастаған түрлі сала өкілдері «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды.
– Баршаңызды ризашылық пен мейірімділіктің мерекесіне айналған – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен атаулы күн 2016 жылдан бері аталып өтуде. Бұл күн, ең алдымен – тыныштық пен үндестік, бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрған күні. Расында, өткен тарихта тағдыр тауқыметінен Ұлы дала төсіне әр жылдарда бүтіндей бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18 мыңнан астам Қиыр Шығыстағы корей отбасы қоныс аударды. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бауырмалдықтың үлгісін көрсетті. Осылайша Тәуелсіз елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері бір шаңырық астына топтасып, біртұтас Қазақстан бірегей артықшылықтарға ие болды. Азаматтар бүгінгі бір-біріне өкпе реніші болса кешіруі қажет. Бір-біріне деген ізгі тілектері мен лебіздерін, ақжарма алғыстарын білдіруі керек. Әрқайсымыздың жүрегімізде туған еліміз Қазақстанға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін! Әр отбасыға бақ-береке, елімізге бейбіт өмір және табыс тілеймін!, – деді Бердібек Сапарбаев құттықтау лебізін білдіріп.
Өзге ұлты өкілдері атынан «Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің» төрағасы А.Зайнутдинов пен №34 орта мектептің директоры, «Дүнген этномәдени бірлестігінің» белсенді мүшесі Д.Нуралиева егеменді елімізде бейбіт және берекелі өмір сүріп жатқандықтары үшін алғыстарын айтты.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері мен жастар қатысты.
Мерекеде этномәдени бірлестіктердің шатырлары тігіліп, олардың қолөнер және «Достық дастарханы» ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды.
Қонақтарды «Қазақ» этномәдени бірлестігі «Қазақ осы» әнімен қарсы алса, «Өзбек» этномәдени бірлестігі ұлттық әндерімен сергітіп, мереке көркін қыздыра түсті.
Сонымен қатар тал егу акциясы да бастау алып, көшеттер отырғызылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Президент Алғыс айту күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024