Қала әкімі халықпен кездеседі
Кездесу 25 шілдеге жоспарланған
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков 25 шілде күні, сағат 10:00-де Тараз қаласындағы №7 аумақтық округ тұрғындарымен кездесуі өткізеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, шаhар басшысының халықпен кездесуі М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінде өтеді.
Кездесу барысында тұрғындар қала басшысына толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алатын болады.