дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 16:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдық режимін тексеру үшін аппараттық кешен іске қосылады

Қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдық режимін тексеру үшін аппараттық кешен іске қосылады
ашық дереккөзі
Қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдық режимін тексеру үшін аппараттық кешен іске қосылады

     Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында ІІМ Автомобиль жолдары комитетімен және “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ-мен бірлесіп, белгіленген жылдамдық режимін асырған автокөліктерді тіркеу үшін қала сыртындағы жолдарда камераларды пайдалану жөніндегі жүйені іске асырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 33 “ZEREK-2” бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған, яғни нұсқамаларды құқық бұзушыларға жіберу автоматты режимде жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі таңда “ZEREK-2” Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қонаев – Талдықорған және Астана – Павлодар автожолдарында жұмыс атқаруға дайын. Осындай бағдарламалық кешен Көкшетау – Астана тасжолында бұрын іске қосылған болатын және жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркеуде жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Жеті айда еліміздің жолдарында жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 1200-ден астам адам қаза тауып, 8500-ге жуық адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Оның ішінде жылдамдық режимін сақтамау салдарынан қала сыртындағы трассаларда 730 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 300-ден астам адам қаза тауып, 1200-ден астам адам зардап шекті.

– Жоғарыда аталған жолдарда 25 тамыз сағат 00:00-ден бастап “ZEREK-2” кешені штаттық режимде жұмыс атқаратын болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жүргізушілерден жылдамдық режимін және автокөліктер арасындағы қашықтықты сақтауды сұраймыз. Сіздің өміріңізден маңызды ештеңе жоқ! – деді Ақтоты Боранова.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qala-syrtyndaghy-taszholdarda-zhyldamdyq-rezhimin-tekseru-ushin-apparattyq-keshen-iske-qosylady/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар