сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 22:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қалада жайлы орта қалыптастыру керек

Қалада жайлы орта қалыптастыру керек
ашық дереккөзі
Қалада жайлы орта қалыптастыру керек

Тараз қаласында жаңа мектептердің құрылысы мен абаттандыру жұмыстары қалай жүргізілуде? Облыс әкімі Б.Сапарбаев кезекті рет бірқатар нысандарды аралап, өзі танысып қайтты.

Шалғай Қарасу ауданындағы 600 орындық мектептің құрылысын мердігер «Темірстройсервис» ЖШС жүргізуде. Мұндағы құрылыс-монтаж жұмыстары 35 пайызға аяқталған, аумақта 70 адам еңбек етуде. Орташа жалақылары – 200 мың теңге.

Қант зауыты ауданында орналасқан №22 мектепті пайдалануға бермес бұрын жоғары вольтты электржеткізгіш желісін ауыстыру мәселесін шешу қажет. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға жер асты желісін ауыстыру жұмыстары бойынша талдау жасауды тапсырды.

Білім ордасы жаңа оқу жылының басында есігін айқара ашпақ. Бүгінде тек әрлеу, аумақты абаттандыру жұмыстары қалған. Ал ескі мектеп базасында мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы ашылмақ.

Аймақ басшысы «Таразға тарту» жобасын іске асыру жөніндегі тапсырманың орындалу барысын да тексерді. Жоба аясында аудан әкімдіктері, басқармалар мен департаменттер бюджеттен тыс қаржы көздерін қарастырып, облыс орталығын абаттандыруға жұмылуда.

Аймақ басшысы №133 және 135 үйлердің қасбеттерін сырлауды тапсырды. Шу, Мойынқұм және Жамбыл аудандарына Сейфуллин көшесінің бойындағы аумақтар бекітілген. Бүгінде онда  гүлзарлар мен жасыл желектерді отырғызу, тротуарларды реттеу, жарықтандыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, арық науаларын жаңарту сынды жұмыстар жүргізілуде.

Қ.Тұрысов көшесіндегі абаттандыру жұмыстарын Қордай ауданының әкімдігі мойнына алған. Мұнда балалар алаңшасы мен воркаут алаңдарын салу көзделуде. 1,7 мың шаршы метрге тротуар плиткалары, 705 шаршы метрге асфальт төселінеді. Жасыл желек алаңы 7,4 мың шаршы метрді құрайды. Жарық шамдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, 420 метр арық науасы жаңартылмақ.

- Қалада жайлы орта қалыптастыру – Тараз басшылығының басты міндеті болуы тиіс, - деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар